Әр түрлі

Қадір түні

 

 

 

 

Мейірім-шапағатқа толы Рамазан айының әр күні мен түні қасиетті. Оның ішінде мың айдан да артық Қадір түнінің орны бөлек. Дәл осы түні жер бетіне періштелер түсіп, шын ниетпен тілек тілегендер Алланың шапағатына бөленеді. Алайда кей дұға-тілектердің қабыл болмайтыны да бар.

Қадырбек Шәріпов, “Қызылжар” орталық мешітінің наиб имамы:
– Бұл түні ішімдік ішетін адамдардіың, екіншіден ата-анасын ренжіткен жандардың, туған-туыстарынан қол үзген және мұсылман баласымен 3 күннен артық араздасқандардың дұғасы қабыл болмайды.Ал қалған тілектер қабыл болмақ.

Қайни Сарбалинова қасиетті Рамазан айында 12 жылдан бері ауыз бекітіп келеді. Ал 6 жыл бұрын бес уақыт намаз оқи бастапты.

Қайни Сарбалинова:
– Менің әкем молда болған. Сол кісі маған құранды табыс етті. Қадір түні бақ-береке әкелсін деймін.

Қадір түнінде діни кітаптар оқып, рухани бағдарламалар көруге рұқсат етілген. Түні бойы кең дастархан жаю шарт емес. Тек мұсылман қауымы түндердің мырзасын шын ниетпен қарсы алса болғаны.

– Қадір түнінде еліміздің тыныштығын тілейміз. Амандық-саулық болсын дейміз.
– Бұл түні отбасымызбен қарсы аламыз. Тілек тілейміз
– Рамазан айы қасиетті. Қадір түнін қарсы алуға барынша дайындаламыз.

Инеш Шоқақова