Білім

Жас офицерлер жиыны

 

Әр офицер өз жауынгерлеріне үлгі бола білуі қажет. Сондықтан да әскери құжатты толтыруда да, әскери міндеттерді іс жүзінде орындағанда да еш ағаттық жібермеуі керек. Сарбаздармен тез тіл табыса білу үшін  шеберлік шыңдау мақсатында осылай жиылу дәстүрге айналған екен.

Болат Смағұлов, ҚР ІІМ ІӘ әскери институты бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы:
– Алдыңғы жиындарда көбіне лекциялық және әңгімелесу әдістерімен өткізілетін. Биылғы жылдары біз көбіне практика жүзіне көп көңіл бөліп отырмыз. Тәрбиешілер тек қана тәрбиемен айналысу ғана емес, сонымен қатар өздері де дене шынықтыру жағынан және қаруды дұрыс қолдану жағынан да дайын болуы керек.

Шара Солтүстік және Қарағанды құрамаларының 53 жас офицерінің басын қосты. Олар тест сұрақтарына жауап беру арқылы білімдерін сарапқа салады. Жыл сайын өткізілетін жиынның қызметін жаңадан бастағандарға көмегі зор. Өйткені осындай оқу-әдістемелік шаралардың арқасында жаңа әскери тәсілдерді меңгеруге болады, дейді жас офицерлер

Жасұлан Өтеуов, Теміртау қ. 5516 әскери бөлімінің рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:
– Өте керекті деп ойлаймын. Өйткені жас сарбаздарды біз тәрбиелейміз. Сарбаздарды  патриоттыққа үйретеміз.Өзінің Отанын сүю, сондай-ақ армияның қандай болуы керектігін, соның бәрін үйретіп отырамыз.Басшылық өзінің кәсіптік тәжірибелерімен бөлісіп тұрады бізбен.

Оқу-әдістемелік жиын тамыздың 25-не дейін жалғасады. Ал шараның екінші күнінде жас офицерлердің мергендіктері сыналады.  

Айдана Демесінова