Қоғам

Мемлекеттік қызмет жетілдіріледі



 

Мемлекеттік қызметті жетілдіру – уақыт талабы. Бұл мәселе Елбасының айырықша назарында. Үстіміздегі жылдың шілде айында Президент мемлекеттік қызметтің жа­ңа моделі туралы тұжырымдаманы бекітті. Бұл дер кезінде жасалған қадам болмақ. Өйткені бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет жүйесінің кемшіліктері көріне бастады. Олар, әсіресе, конкурстық іріктеу кезінде, мемлекеттік қызметшілерді аттестациялауда және бір мемлекеттік органнан екіншісіне ауысу кезінде байқалады.

Зина Байғаскина, ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің СҚО бойынша басқармасының бөлім бастығы:
– Жаңа тұжырымдамада үш тұғырлы мақсат – мемлекеттік қызметтегі тиімді кадр саясаты және адами капиталды басқару жүйесі; мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары сапасы және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі; этикалық нормалардың сақталуы және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру айқындалған. Орын алып отырған проблемалардың салдарын жою тұжырымдаманы жүзеге асырудың нысаналы индикаторы болып анықталған.

Қысқасы, мем­­ле­кеттік қызметтің мәр­те­бесін нығайтып, кадр сая­с­а­тын еліміздің айрықша ма­ңыз­ды ұлттық басымдығы сана­ты­на кө­те­ру межеленген. Сөйтіп, болашақта қазақстандықтар үшін “мемлекеттік қызмет” деген түсінік «қоғамға қызмет ету» ұғымымен мазмұндас болуы тиіс. Жаңа тұжырымдаманың бірінші кезекте көздегені осы. Бұл мақсатта түрлі жаңашылдықтар қарастырылған. Мәселен, мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі енгізілмек.

Зина Байғаскина, ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің СҚО бойынша басқармасының бөлім кеңесшісі:
-Мемлекеттік қызметке қабылданарда азаматтар жеке және кәсіби қабілеттерін анықтайтын арнайы тест тапсырады. Сонымен қатар эссе жазып, ауызша емтихан береді.

Жаңа тұжырымдама бойынша сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер жұмысының сапасы бағаланбақ. Олар тоқсан сайын арнайы аттестациядан өтеді. Ал сынақ нәтижесі бойынша қызметінде өсіп, ақшалай сыйлық алады, не болмаса керісінше қызметіне сай емес деп танылуы мүмкін.

Айымгүл Әбілева