Қоғам

Кәсіпкерлерге заңгерлік көмек

«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасына енгізілген соңғы бағыт сервистік қолдау, кәсіпкерлердің кәсіби біліктіліктерін артыруға бағытталған. Бухгалтерия мен заңгерлік құжаттар, өнімді таныту мен сату шағын бизнес саласының осал тұсы. Жеке маман ұстауға шамасы келмейтін шағын кәсіпкерлік өкілдері үшін заңгерлік көмек аса қажет.

Елена Виссарова, СҚО аграрлық-өнеркәсіп палатасының директоры:

 

 

-Біз экономиканың басымдық бағыттары бойынша жұмыс істейтін шағын бизнес өкілдеріне заңгерлік көмек көрсетеміз. Негізінен ет , сүт өнімдерін өңдейтін, тағам өндірумен, риэлторлық қызметтер көрсететін кәсіпорын өкілдері келе алады.

Ендігі уақытта кәсіпкерлерге кеңес алу, жекелеген бизнес-міндеттерді шешу үшін кәсіби мамандар көмек беретін болады. Бұл жұмыс мемлекет тарапынан қаржыландырылып отыр. Жалпы бизнесіңді тіркеген бойда аграрлық-өнеркәсіп палатасы қызметіне жүгінуге болады.

Елена Виссарова, СҚО аграрлық-өнеркәсіп палатасының директоры:

– Біз «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша қаржылық көмек алмақшы болған кәспкерлерге қызмет көрсетеміз. Несие алуға құжат даярлауға көмектесеміз. Банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас кезінде, аудиттік құжат айналымына заңгерлік кеңес бере аламыз. Және бұл қызметтеріміз тегін.

Заңгерлік қызмет көрсету қараша айына дейін жүргізіледі. Палата қыркүйек айында шағын бизнес өкілдерінің басын қосып, құжат ресімдеудің қыр-сырын үйретуге арналған семинар өткізбекші. Әзірге сервистік қолдау бағыты бойынша 10 шақты кәсіпкер ғана ақыл-кеңес алуға келіпті.

Әсем Рахметова