Денсаулық сақтау

Республикалық комиссия

 

 

 

 

Бүгінгі таңда қан айналу жүйесінің сырқаты Қазақстанды ғана емес, барша дүние жүзін алаңдатып отыр. Сондықтан болар 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасында халыққа кардиологиялық көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінген. Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі облыстық басқарманың жұмысына оң баға берді. Дегенмен Раушан Қабыкенова өлім көрсеткішін төмендету бойынша әлі де біраз жұмыс жасау керектігін атап өтті.

Раушан Қабыкенова,  ҚР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі:
– Қазіргі таңда жұртшылық ауруды емдегеннен гөрі алдын алуға ден қойылатындығын жақсы біледі. Тиісінше нормативті актілер де бар. Алайда сіздердің өңірлеріңізде өзге де аймақтардағыдай қан айналымы жүйесі сырқаттарын анықтау көрсеткіші әлі де төмен.

Азамат Мағзұмов, облыстық кардиологиялық орталықтың бас дәрігері:
– Жүрек-қан тамыр аурулары тек біздің облысымызда ғана емес, әлемде үлкен проблемаға айналған. Одан өлім көрсеткіші басқа аурауларға қарағанда 30-32 пайызды құрайды.

Инеш Шоқақова