Мәдениет

“Дружные ребята” – халықаралық байқау жүлдегері

 

“Теңіз шоқжұлдызы” халықаралық байқауына сегіз елден 100-ден артық ұжым қатысқан. Қазақстаннан екі ансамбль фестивальде өнер көрсетті. Солардың бірі – солтүстікқазақстандық “Дружные ребята” би ұжымы. Дарынды балалардың еңбегі жанып, үш аталым бойынша күміс жүлдені жеңіп алған.

Расима Сучкова, “Дружные ребята” ансамблінің көркемдік жетекшісі:
– Біз байқауға екінші рет қатыстық. 2007 жылы да “Дружные ребята” ансамблі жақсы өнер көрсетіп, күміс жүлде иеленген болатын. Бұл жолы да балалардың өнері қазылар алқасының көңілінен шықты. Қазылар алқасының құрамында Украина, Венгрия, Ресейдің еңбек сіңірген белгілі мәдениет қайраткерлері болды.

Сондықтан өнерпаздарымыз біраз қобалжыған. Дей тұрғанмен шеберлік танытып, өнерлерімен қазылар алқасын тәнті еткен. Балалар мен жасөспірімдердің халықаралық байқауына ансамбль төрт би әзірлеген.  
Бүгінде ансамбль кезекті сайысқа дайындық үстінде. Келесі жылы Чехияда өтетін халықаралық байқауда бірінші орын иеленуді мақсат етіп отыр өнерпаздар.

Айымгүл Әбілева