Билік

Облыс студенттері орақ науқанына қатысады

Күзгі орақ жұмыстарына жастарды тарту тәжірибеде бар. Үстіміздегі жылы бұл бағытта қажеттілік айырықша деп атап өтті “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Серік Біләлов. Сондықтан жасотандықтардың ұсынысын мақұлдады.

Серік Біләлов, “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының төрағасы, СҚО әкімі:
– Биыл рекордтық өнім жинап аламыз деп отырмыз. 1992 жылы гектарынан 20,4 центнер егін алғанбыз. Үстіміздегі жылы осынша мол астық жинаймыз деген үміт бар.

Жастар диқандарға көмек көрсетіп қана қоймай, оларға табыс табу мүмкіндігі берілмек. Ата-аналары қарсы болмаса, жұмыс берушілермен келісімшарт жасалады.

Орал Қаппасов, СҚО білім басқармасының бастығы:
-Орақ науқанына колледждер мен кәсіби лицейлердің 709 оқушысы қатыса алады. Бұл орайда жұмыс берушілер келісімшарт жасасу үшін бізге өздері ұсыныс беруі керек.

Барлық ұйымдастырушылақ мәселелер қысқа мерзімде шешілуі керек деді Серік Біләлов. Жұмыс жасақтарына жауапты болып “Жас Отанның” жастар қанаты бекітілді.

Серік Біләлов, “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының төрағасы, СҚО әкімі:
-Ниет танытқандардың тізімін нақтылау керек. Көлік мәселесін шешеміз. Студенттер қалай жұмыс істеп жатқанын, оларға қандай жағдай жасалғанын барып көресіздер.

Барлық мәселелер тамыздың жиырма үшінде жете қаралатын болды.

 

 Айымгүл Әбілева