Қоғам

Коммунистер зейнетақы жүйесі туралы мәселе көтерді

Коммунистер Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізу керек деп есептейді.  Олар әйелдер – 55, ал ер адамдар 60 жаста зейнетке шығу қажет деген пікірде. Сондай-ақ коммунистер жинақтаушы зейнетақы қорларынан арылып, ең аз зейнетақы мөлшерін төменгі күнкөріс деңгейіне сай ету керектігін ұсынып отыр.

Дәукен Темірбаев, ҚКХП СҚО филиалының бірінші хатшысы:
– 2010 жылдың қорытындысы бойынша бір ғана жинақтаушы зейнетақы қоры оң көрсеткіштерге қол жеткізген. Ал қалғандарында біздің қаражатымыз құнсызданып қалды. Сондықтан мен жинақтаушы зейнетақы қорларының жұмысын тоқтатып, зейнеткерлерді толығымен мемлекет қарамағына тапсыруды ұсынар едім.

Кездесуге жиылған қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік ведомстволардың қызметкерлері де тақырыпты қызу талқыға салып, зейнетақы заңнамасы жан-жақты қаралды.

Наталья Миронова, СҚО бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары:
– Соңғы зейнетақы заңнамасына сай әйел адамдардың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі 20, ал ер адамдарда 25 жылдан кем болмауы тиіс. Егер азаматтың еңбек өтілі бұдан кем болса, зейнетақы жұмыс істеген уақытына сай төленеді.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар қолданыстағы зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізу жайлы ұсынысты Үкімет басшысына жолдамақ.

Инеш Шоқақова