Қылмыс

Ұры ұзап кете алмады

  
Осипенко көшесіндегі үйлердің бірінде тұратын зейнеткер полицияға арызданып, үйден ноутбук пен 4 мың теңге жоғалғанын хабарлаған. Шаруа істеп сыртта жүрген қария үйге кіргенде бөлмелердің бірінің есігінде тұрған құлыптың сынып жатқанын байқаған. Бөлмедегі ноутбук пен ас үйдегі шкафта жатқан ақша қолды болған. Зейнеткердің үйінде екі жігіт бөлме жалдап тұрған. Олардың біреуі қолды болған ноутбуктың иесі екен. Сондықтан бірден екінші ер адамға күдік түсіп, полицейлер қылмыс жасалған ауданды тексере бастады.

Сондай-ақ вок

 

зал аумағы да бақылауға алынды.

Ербол Едіресов, 2- полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы:

-Вокзал аумағын тексеру барысында біз күдікті ер адамды байқап, екінші бөлімге тапсырдық…

Тергеу барысында анықталғандай, оқымайтын және еш жерде жұмыс істемейтін 20 жастағы жігіт қария далаға шығып кеткеннен кейін есіктегі құлыпты сындырып, бөлмеден ноутбукты олжалаған. Сонымен қатар ас үйде жатқан ақшаны да жымқырып кеткен. Осы ақшаға ол Астанаға баратын автобусқа билет алыпты. Күдіктіні полицейлер автобусқа отыруға он минут қалғанда қолға түсірді.

Олег Рисс:
-Оны уақытында ұстамағанда ноутбугымнан айырылушы едім. Полицейлер жылдам әрекет етіп, күдіктіні дер кезінде ұстады. Алғысымды айтқым келеді.

Қазіргі кезде ұрлық жасаған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Ноутбук тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Айымгүл  Әбілева