Спорт

Кикбоксшылар командасы үшінші орынды жеңіп алды

 

 

Республикамыздың 160 -тан астам спортшысы қатысқан жарыста өңір құрамасы 3 орынға тұрақтады. Жерлес спортшылар ел чемпионатынан 4 алтын және 2 күміс алқаны еншілеп қайтты.

Сабыржан Сақтағанов, СҚО кикбокстан ересектер арасындағы бас жаттықтырушы:
– Теміртау қаласында кикбокстан Қазақстан чемпионаты өткен болатын. Бұл жарыстың мақсаты Македонияда өтетін әлем чемпионатына іріктеу жасау.Құрамадағы 10 спортшының алтауы жүлделі оралды.

Азамат Нүрпейісовтың кикбокспен айналысқанына 9 жыл болыпты. Спортшы талай белестерден көрініп үлгерген. Әскери қызметкер күнделікті жұмыстан соң  жаттығуды дағдыға айналдырған.  

Азамат Нұрпейісов, ҚР чемпионатының жеңімпазы:
-Ең бірінші Алматыдан келген спортшымен кездестім, оны жеңу маған киын болды. Келесі жекпе-жекте қарағандылық спортшымен шықтым, оны ұпай бойынша 3 раундта жеңдім. Финалда қостанайлық кикбоксшымен шықтым.

Кикбоксшылар алдағы уақытта Македонияда өтетін әлем чемпионатына дайындык үстінде. Ол қазан айына жоспарланыпты.