Кеден

Кеден одағы аумағына декларациясыз алып шығатын заттарға шектеу қойылған



 

Бұдан былай Қазақстан азаматтары салмағы 50 келіден, құны 1,5 мың евродан асатын бағалы заттарға жазбаша кедендік декларация толтыратын болды. Ал елге енгізілетін шетелдік алкоголь  3 литрден, темекінің саны 200 данадан аспауы тиіс. Жеке тұлға үшін сапарға ала шыққан техниканың санына да шектеу бар.

Айгүл Кәрімов, СҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің маманы:
-Техникаға тоқталсақ, DVD- плеер, радиоқабылдағыштар бір данадан аспауы тиіс.

Жазбаша декларация бағасы 10 мың доллардан асатын автокөлік, мұрагерлікке қалған құнды заттарға да толтырылады. Ол тізімге ҚР-ның мемлекеттік сыйлықтары, меруерт, жақұт, лағыл, александрит, гауһар сынды бағалы тастар да жатады. Айтқандай, жойылып кету қаупі бар аң мен өсімдіктерге де бұдан былай арнайы құжат толтырылады. Сондықтан Ресей не Белорусь елдеріне аттанғалы жүрген Қазақстан азаматтарының қымбат заттарға алдын ала кассалық чек сияқты қажетті қағаздарын ала шыққандары жөн.

Айгүл Кәрімова, СҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің маманы:
-Егер жеке тұлғаның заттары мөлшерден асса, ол декларациялау кезінде қосымша және толық құжаттарын беруі тиіс. Кеденшілер барлық заттардың толық пакетін сұрап тексеретін болады.

Жеке қолданысқа қажетті спорттық құрал-жабдық, аңшылық саймандар, балалар мен мүгедектердің арбалары төлемді қажет етпейді.

 Кәусар Аяпбергенқызы