Спорт

Шағын футболдан жарыс

 

 

 

  

Спорттық дода осымен 3 жыл қатарынан өткізілуде. Ойын алаңында 4 команда бақтарын сынамақ. Салауатты өмір салтын насихаттайтын сайысқа бұл жолы 30-ға жуық ойыншы қатысуға ниет білдіріпті.

Ерлан Мусин,  «Қазақстан жастарының коммунистік одағы» СҚО филиалының төрағасы:
Жарысқа біздің партиядан екі команда және «Барыс», 8мектеп құрамалары қатысады. Бұл іс-шара әр жаз сайын өткізіледі. Басты мақсатымыз- салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спортпен шұғылдануға тарту болып табылады.

«Барыс» және  «Қазақстан жастары коммунистік одағының»» ойыншылары алаңда бар шеберліктерін танытуға тырысты. Алғашқы кезеңде басымдылық негізінен кәсіби футболшылардан құралған «Барыс» құрамасында болды. Дегенмен қарсылас команда да жеңісті қолдан бермейтіндігін байқатты.

Самат Жұмабаев, «Барыс» командасының мүшесі:
Біз көп дайындалдық. Басқа командалар да дайындалған. 1 тайм өтті. Біз жығып жатырмыз.

«Барыс» екінші кезеңде де «Қазақстан жастары коммунистік одағы» командасының осал тұсын тауып, есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда екі жақ та нәтижеге қуанышты. Өйткені бұл жарыста бастысы жеңіс емес, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыра түсу.

Инеш Шоқақова