Қоғам

Руслан Сыздықовтың мерейтойы



 

Ақмола қаласының тумасы Руслан Сыздықовты өңір жұртшылығы денсаулық сақтау саласына қомақты үлес қосқан маман ретінде таниды. Қарағанды мемлекеттік медицина институтының түлегі еңбек жолын облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда дәрігер болып бастаған. Ал 4 жыл бұрын қалалық мәслихат хатшысы қызметіне сайланған.

Қайырлы Едресов, облыстық мәслихат хатшысы:
– 60-қа келдім деп ренжімей-ақ қой.
Оған қуану керек. 60-қа жеткен де бар, жетпеген де бар. Сондықтан денсаулығың зор болсын, бала-шағаңның қызығын көр дегім келеді.

Бұл күні әріптестерінің жылы лебіздері мен естелік сыйлықтар тек мерейтой иесіне арналды. Жиылғандар Руслан Сыздықовтың қолға алған ісі әрдайым жемісті жалғасатынын атап өтті.

Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
Депутаттар қаладағы өзекті мәселелерді шешуге белсене атсалысады. Бұл қалалық мәслихаттың хатшысы ретінде сіздің жетекшілігіңіздің арқасында деп білеміз. Еңбегіңіздің жемісті жалғаса беруіне тілектеспіз.

Руслан Сыздықов Денсаулық сақтау Комитеті мен Агенттігінің алғыс хаттарымен марапатталған.  «ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі» төс белгісіне  ие. Бұл оның ұзақ жылғы қажырлы еңбегіне лайық марапат.

Руслан Сыздықов , қалалық мәслихат хатшысы:
Мен осы қалада қызмет етіп жүргенімді және Қазақстанның азаматы екенімді мақтан тұтамын. Әріптестерім мен жиылған қауымның жылы лебіздерін қабылдау мен үшін зор құрмет. Біз бәріміз бірігіп, ел мүддесі үшін қызмет етудеміз.

Инеш Шоқақова