Балалар

Жазғы демалыста балалар білімдерін де толықтырды

Лагерьде бүлдіршіндер демалысының көңілді әрі пайдалы өтуіне барлық жағдай жасалған. Қазіргі уақытта бұл жерде 104 бала cауығып жатыр. Олар ойын арқылы өз білімдерін лингвистикалық бағытта шыңдау мүмкіндігіне ие болды.

Гүлнар Таласбаева,  «Достық» балалар сауықтыру лагерінің директоры:
– Қазақ тілінде, ағылшын тілінде, орыс тілінде сабақтар жалпы ойын түрінде өткізіліп жатыр.   Болашақта осы бағытты тағы да жалғастырып, басқа әдістер ойластырмақпыз.
 
Келер жылы лагерьде балаларға техникалық бағытта да білім беру жоспарланып отыр. Бұл жеткіншектердің ойынмен қатар оқуды да бірге алып жүрулеріне жол ашпақ.

 – Маған өте ұнайды. Досторым көп.Жыл сайын келемін.
– Мұнда өте қызықты, ойнаймыз, түрлі сайыстарға қатысамыз.

Балалар лагерьде оқып-үйренгендерін ата-аналарына да көрсетуді ұмытпады. Шағын концерт ұйымдастырып, өздерінің актерлік шеберліктерін ортаға салды. Мұндай жазғы демалыс жеткіншектерде тек жақсы әсер қалдырары сөзсіз.

 Инеш Шоқақова