ТЖ

Өртсөндірушілер жарысы

 

 

Дәстүрлі сайыс салтанатты түрде Әнұранмен басталды. Ал жарыс жаттығулары өрт сөндірушілер үшін мүлде таңсық емес. Мұның бәрін олар қызмет барысында күнделікті қолданады. Тек бұл жолы 18 команда ішінара үздіктерін анықтамақ.

Николай Белоусов, СҚО ТЖД “Өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары” ММ бөлім бастығы:
-Бүгін 100 метрлік кедергілерді бағындыру мен әскери жабдықтарды жазу сайыстары өтеді. Ертең шабуыл баспалдағына өрмелеу жарысында олар оқу мұнарасының 4-қабатына шығудан күш сынасады. Мұның бәрі өрт сөндірушілердің күштері мен ептіліктерін шынықтырады.

Түрлі кедергілерге толы 100 метрлік қашықтықты бағындыру сайыстың алғашқы сынағы. Оған қатысқан құтқарушылардың дайындықтары өте жақсы деген бағаға лайық.

Дәурен Байғожа, № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің маманы:
– Мен республикалық сайыстарға қатысатынмын. Облыстыққа 1 рет қатысайын деп тұрмын. Өрт сөндіру кезінде бұл көп көмектеседі.

Әсет Сердалин, №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері:
-Осындай сайыстар денені шынықтырып, әрқашан болар жағдайға дайын болуға көп септеседі.

Азамат Жәкенов сияқты тәжірибелі өрт сөндіруші үшін бұл сайыс жарыс алаңы ғана емес, ол мұны шапшаңдығы мен ширақтығын арттыра түсудің және әріптестерімен тәжірибе алмасудың мүмкіндігі деп есептейді.

Азамат Жәкенов,  №8 өрт сөндіру бөлімінің аға күзетшісі, Ақжар ауданы:
-Мен 10 жылдан бері қатысып жүрміз. Құдай бұйырса, 1 орын аламыз. Біз 101-міз ғой. Олар 1-ші тұрған қызметкерлер .

Бұл сайыстың жеңімпаз командасы облыс намысын республикалық жарыста қорғайтын болады. Дегенмен өрт сөндірушілер үшін жеңіс емес, адам өмірінің арашашысы деген зор атаққа әрдайым лайық болу басты мақсат болса керек.

Кәусар Аяпбергенқызы