Әр түрлі

Жаңа балабақша құрылысы кешеуілдеуде

 

Құрылысқа қажетті материалдардың басым бөлігінің тапсырыс бойынша өзге қалалардан алынуы жұмыс қарқынын біраз баяулатқан. Қазіргі уақытқа дейін бас мердігер «Севимсталькон» ЖШС жұмыстың 27%-н ғана орындап үлгеріпті.

Бөгенбай Мұсылманбетов,  «Севимсталькон» ЖШС прорабы:
– Құрылыстың өз қиыншылықтары бар. Қиыншылықтарды жеңдік деуге болады. Қазір барлық материалдар келіп жатыр. Құрылысты үкіметтің белгілеген уақытында аяқтаймыз деп ойлаймын.

Қазіргі уақытта бұл жерде 25 құрылысшы еңбектенуде. Балабақшаны жоспарға сай тапсыру үшін мердігер фирма қызметкерлері 3 ауысымда жұмыс істемек. Ол үшін нысанға электр желісін тарту да жоспарда бар.

Жангелді Тәжин,  қалалық мәслихат депутаты, партиялық топ жетекшісі:
Бұл құрылысқа қамқорлық қажет. Шешілмей жатқан мәселе көп.Соны өз жиналысымызда шешіп жатырмыз. Мемлекетіміздің егемендігі мерейтойына мына балабақша берілсе, үлкен тарту болар еді.

Партиялық бақылау тобы атқарылған жұмыс ауқымын қадағалап, мониторинг жүргізуде. Бұл құрылысшылардың тез, әрі сапалы жұмыс жасауына жол ашқан. Сондықтан 320 орынға шақталған балабақшаны желтоқсан айында тапсыру жоспарланып отыр.

Инеш Шоқақова