Билік

Саяжайшылар қолдаусыз қалмайды

Бүгінде қаладағы 136 бағбаншылық серіктестігінде 47 мың саяжай бар. Оның 21 мыңы пайдаланылады. Соңғы екі жылда иесіз қалған 3 мың саяжай есепке алынған. Қараусыз қалған учаскелер қазірде тұрғындарға үлестірілуде. Саяжайларда осы күні картоптың қырық пайызы, жеміс-көкөністің 32 пайызы өсіріледі екен. Сондықтан саяжайшылардың мәселелерін шешудің маңызы зор-ақ. Бұл ретте өңірімізде 2010-2011 жылдарды қамтитын арнайы бағдарлама әзірленген болатын.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-Біз бағбаншылық және саяжай шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірледік. Бірақ бүгінде оның аясындағы жұмыс тиісті деңгейде атқарылып жатқан жоқ. Шешуін күтіп тұрған мәселелер көп. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Елбасы айқындаған міндеттің маңызы айырықша. Сондықтан нәтиже болу үшін бірлесе әрекет ету қажет.  

Десек те, бағдарлама аясында біршама жұмыс тындырылыпты. Ұзындығы 3,5 км жаңа су құбыры тартылған. Жобаны жүзеге асыруға қалалық бюджеттен 12 млн. теңге бөлініпті. Ал жол жөндеуге өткен жылы 9,6 млн. теңге бағытталған.

Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
-Бағдарлама жүзеге асырылған кезеңде 12 бағыт бойынша қозғалыс ұйымдастырылды. Олардың жүру кестесі қадағаланып отырады. 742 ардагерге автобуста жүруге жеңілдік беретін билеттер берілді. Сонымен қатар аялдама павильондарын орнаттық.  

Дегенмен әлі күнге дейін шешуін күтіп тұрған түйіткілдер жетерлік. Жиында бағбаншылық серіктестіктерінің төрағалары облыс әкіміне толғандырып жүрген мәселелерін жеткізді. Негізгі проблемалар бұрынғыша сумен қамтамасыз ету, электр желілерін тарту және жол жөндеуге қатысты. Соңғы мәселені шешуге үстіміздегі жылы қалалық бюджеттен 12 млн. теңге бөлініпті. Бүгінде саяжайларға жеткізетін 7400 шаршы метр жол жөндеуді қажет етеді. Облыс әкімі кездесуде көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, қысқа мерзімде шешілетінін айтты.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-Біз барлық түйіткілдерді білеміз. Саяжай маусымының аяғына дейін ағымдағы мәселелерді шешуге күш саламыз. Ал қомақты қаражатты қажет ететін проблемаларды келесі жылдың жоспарына енгіземіз.

Бағбаншылық пен саяжай шаруашылығын дамыту бағдарламасы үстіміздегі жылдың соңына дейін ғана жүзеге асырылады. Бірақ бұған қарамастан саяжайшылардың мәселелерін шешуде көмек әрі қарай жалғасатын жеткізді облыс әкімі.

Айымгүл Әбілева