Энергетика

Әлеуметтік сала мекемелерінің көпшілігі қысқа дайын

 

 

Облыстық аурухана қысқа әзірлікті растайтын құжаты бар нысандардың қатарында. Емдеу мекемесі паспортқа маусымның 24-і ие болған. Өйткені дайындық жұмыстарына бұл жерде сәуір айынан білек сыбана кірісіпті. Емханада құны 800 мың теңге болатын элеватор орнатылған,  жылу торабындағы бойлер жаңасына алмастырылыпты. Бұл үшін 1 млн теңге жұмсалған. Пештің жапқыштары жөнге келтірілген. Сондай-ақ абаттандыру бойынша атқарылған жұмыс аз емес. Бір мың бір жүз шаршы метр көлеміндегі жерге асфальт төселген. Жаңадан жиектастар орнатылыпты.

Николай Мартыненко, облыстық аурухананың бас дәрігерінің әкімшілік-шаруашылық жұмыстар  жөніндегі орынбасары:
– Жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 6 млн теңгені құрады. Соның 2 млн 700 мыңы абаттандыру шараларына, ал қалғаны ұсақ жөндеу жұмыстары мен жылу жүйесін ретке келтіруге бағытталды. Жылыту маусымына біздің мекемеміз 100 пайызға әзір,

Ал №4 орта мектеп басшылығы жылыту маусымына әзірлікті растайтын құжатты алып үлгермеген. Дегенмен үстіміздегі жылы білім ошағының жылу жүйесі күрделі жөндеуден өтті. 37 жыл бойы ауыстырылмаған батарейлердің орнына жаңалар орнатылды. Жалпы мұндағы жөндеу жұмыстарына қалалық бюджеттен 15 млн 902 мың теңге бөлініпті

Гафура Бөстекова , №4 орта мектеп директоры:
-Биыл біздің орта мектепке қалалық бөлімнен қаржы бөлінген. Қүрделі жұмыс өткіздік. Бәрін мектептің ішінде ауыстырдық. Подвалдағы  құбырлардың жапқыштарын  толық ауыстырып.
Енді ойлаймыз  1 қыркүйекке, жаңа оқу жылына толық дайын деп мектеп.

Оқу ордасы жылу маусымына деген дайындықты тамыздың 20-сына дейін аяқтауға тиіс еді. «Аварийная служба» өндірістік кооперативі барлық жұмысты 12 күн бұрын тәмамдаған.

Айдана Демесінова