Қоғам

Қаржылық сауаттылық семинары

 

Бұл шара “Бота” қоғамдық қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асып отыр. Ал оның белсенді мүшелері қарағандылық “Білім беру және даму” қоғамдық бірлестігі мен солтүстікқазақстандық жастар ұйымы.

Сергей Белов, үкіметтік емес ұйымдар ресурстық орталығының жетекшісі:
– Бұл қаржылық курс тұрғындардың өз бюджеттерін сауатты жоспарлай білуі үшін өткізіліп отыр. Жерлестеріміз салымдар салып, қаражаттарын еселеуге үйренуі керек. Бұл ретте қаржылық сауаттылықты арттыру курстарының маңызы зор деп ойлаймын.

Семинар үкіметтік емес ұйымдардағы тұрақтылық пен кәсіби білімді шыңдауға бағытталған. Мұнда үшінші сектор ұйымдарының жұмысын жүргізудегі қаржылық сауаттылық тақырыбы жан-жақты талқыланбақ. Отбасы бюджетін үнемдеу және тиімді пайдалану мәселесі де назардан тыс қалмады.

Елена Гладышева, “Өмір үшін” қоғамдық қайырымдылық қоры төрағасының орынбасары:
– Бірінші кезекте үкіметтік емес ұйымдардың жұмысымен жақсы таныс болу керек. Қайырымдылық қор болғандықтан, бізде белгілікті кіріс көзі жоқ. Қаражатты қайдан алып, қай бағытта жұмсау керектігін білуге мұндай курстар зор мүмкіндік туғызып отыр.

“Әріптестеріміздің кәсіби біліктілігін шыңдаймыз” атты жоба аясында өңірімізде әлі де бірқатар шаралар жоспарланып отыр.

Инеш Шоқақова