Қоғам

Құқықтық сауат ашу

Қоғамдық дәрістер барысында ана құқығын қорғаудан бастап, еліміздегі электрондық үкіметтің тиімділігі тәрізді сан алуан тақырыптар қамтылмақ. Басты міндет – түрлі салалар бойынша азаматтардың сауаттылығын арттыру.

Людмила Голенкова, облыстық кәсіподақтар кеңесінің заңгері:
– Бүгінгі дәріс, әсіресе, жас мамандар үшін қажет болмақ деп ойлаймын. Еңбек бостандығы, демалу құқығы, әлеуметтік төлемдерді алуға байланысты кәсіби кеңес бермекпіз.  

Дәрісте еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңнамасының сақталуы қызу талқыға түсті. Бұл ретте заң талаптарын  әр жұмыс беруші мен еңбеккердің білуі шарт. Тек осы жағдайда ғана екі тарап та өз құқықтарын қорғай алмақ.

Дина Әбілмәжінова, №17 ұлттық өркендеу мектебі директорының орынбасары:
– Бүгінгі дәрістің маңызы ерекше. Себебі жұмысқа қабылданып жатқан адамдар өз құқықтарын білмейді әрі пайдалана алмайды. Ал келеңсіз жағдай бола қалса, батыл шешім қабылдайды.

Аталмыш дәрістерді әлеуметтік маңызы бар 10 тақырып бойынша өткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге дейін 3 тақырып қамтылыпты. Алдағы уақытта жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, тегін және ақылы медициналық көмек көрсету бойынша дәрістер оқылмақ.

Лидия Грабарь, СҚО жастар ұйымдары одағының директоры:
– Облыс орталығында мұндай қоғамдық дәрістер 3-ші рет өткізіліп отыр. Бұл бастама Мәдениет министрлігі мен Қазақстан азаматтық альянсының қолдауымен жүзеге асырылуда. Дәрістер циклында барынша өзекті мәселелер қамтылған.  

Қоғамдық дәрістер тамыздың 25-не дейін жалғасатын болады.

Инеш Шоқақова