Аптадағы маңызды жаңалықтар

ТКШ жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырыла бастады



 

Людмила Сивидова Сәбит Мұқанов көшесіндегі 52-үйге алғашқылардың қатарында қоныстанған. Тозығы жеткен баспанада тұрып жатқанына 39 жыл болыпты. Тұрғындардың өз қаражаты есебінен үйдің шатыры бірнеше мәрте жөнделіпті. Бірақ оның түк пайдасы болмады дейді қария.

 Людмила Сивидова:
-Жылда төбеден су сауғалайды.  

Людмила Сивидова мен осы үйдегі тағы 35 пәтердің иелері енді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау жобасына сенім артып отыр. Оның аясында бұл үйге 5 млн 450 мың теңге бөлінген. Құрылыс мердігері “Ассени” фирмасы қажетті материалдарды әкеліп, жұмысты бастап кетті. Мұндай күрделі жөндеуден жоспарға сай қала бойынша 21 көп қабатты үй өтпек.

 Мария Шәймерденова,  “Петропавл қ. тұрғын үй пайдалану қызметі” МКК бастығының қызметін атқарушы:
– Мына үйге бөлінген қаржының 30 пайызы қолданылды. Тұрғындармен 7 жылға келісімшарт жасалды. Төбенің 1 шаршы метріне шамамен 20-50 теңгеден шығады. Сонда олар айына 2000 теңгедей төлейді.

Күрделі жөндеуді қалтасы көтермейтіндерге мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. Бүгінде петропавлдық 5 отбасы осындай жәрдемге зәрулігін білдіріп, өтініш жазған.

 Мереке Мұхамедияров, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы:
-Өтініштерді қарап, Батыр Баян көшесіндегі үйге 254 мың теңге бөлдік. Сонда бір пәтер иесіне шамамен 64 731 теңгеден келеді. Оның 90 пайызын мемлекет өтейді.

ТҮКШ модернизациялау бағдарламасы аясында СҚО-ға республикалық қазынадан 400 млн шамасында қаражат бөлінуі тиіс.

Кәусар Аяпбергенқызы