Денсаулық сақтау

Отандық денсаулық сақтау саласы дамуының жаңа кезеңі

Облыстық әкімдік пен “MVI” Израиль медицина орталығы арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум өңіріміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызды қадам болмақ. Оның аясында израильдік дәрігерлер солтүстікқазақстандық әріптестерімен мол тәжірибелерімен бөліседі.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау жүйесінің сапасын жақсарту мәселесіне үлкен көңіл бөледі. Бұл бағытта кешенді шаралар қолға алынуда. Біздің облыста да үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Енді екіжақсы әріптестік жөніндегі меморандум облыстағы медициналық көмекті әрі қарай дамытуға жаңа серпін береді деген сенімдеміз.  

Шетелдік мамандар солтүстікқазақстандық дәрігерлердің біліктілігін жоғары бағалап отыр. Бүгінде кардиохирургия, буынды эндопротездеу, нейрохирургия салаларында өңір тұрғындары  сапалы ем алу мүмкіндігіне ие. Ендігі міндет – отандық медицинаны одан әрі дамытып, жоғары деңгейге көтеру. Бұл орайда израильдік дәрігерлер көмектесуге әзір.

Наталья Хедват, “MVI” медицина орталығының бас директоры, Израиль:
-Солтүстік Қазақстанда кардиохирургия саласындағы жетістіктер үлкен екен. Бізді таң қалдырғанын айту керек. Перинаталдық орталықта да кәсіби мамандар жұмыс жасайды. Сіздерде денсаулық сақтау жүйесін дамытуға барлық жағдай бар, білікті дәрігерлер де жетерлік. Енді біз өз тарапымыздан жаңа технологиялармен бөлісіп, шеберлік алмасатын боламыз.

 Амир Кремер, «Imedical» медицина орталығының кардиохирургы, Израиль:
– Сіздермен жұмыс істейтініме қуаныштымын. Облыста болған екі-үш күн ішінде кардиологиялық орталық мамандарының жоғары біліктілігіне көз жеткіздім. Жүрекке күрделі отаны бірге жасадық. Айтайын дегенім, сіздерде кардиохирургия бар және дамып келеді.

Кездесуде екі тарап өзара әріптестік ниеттерін құжат жүзінде бекітті. Кездесуге қатысқан ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов бұл меморандумның отандық медицинаны дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.

Ерік Байжүнісов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
-Елімізде денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру жыл сайын өсіп келеді. Соңғы бес жылда бұл саланы қаржыландыру 4 есе өсіп, 600 млрд. теңгеге жетті. Бұрын күрделі оталар тек қана республикалық орталықтарда жасалса, бүгінгі күні мұндай операциялар облыстарда да жасалады. Қараша айынан бастап Астанадағы ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта жүректі ауыстыру бойынша оталар жасала бастайды.

 Айымгүл Әбілева