Құқық қорғау органдары

Көршілерін алдап соққан алаяқ

 
Петропавл қаласының 28 жасар тұрғыны ұзын-сонар пәтер кезегін қысқартып, жылдам баспана алып беремін деп көршілеріне ұсыныс жасайды. Жайлы үйге зар жандар оның айтқанына сеніп, жиып-терген ақшаларын қолына ұстатып жіберген. Келісілген уақыт өтсе де, уәде етілген пәтер де, сеніп тапсырған қаражаттары да жоқ. Сөйтіп, жәбірленушілер алаяқтың алдауына түскендерін кеш түсініп, сандарын соғып қалады. Амалсыздан полицейлерге арызданады. Тәртіп сақшылары көп кешікпей алаяқты қолға түсірді. Сезікті көршілерінің сеніміне ие болу үшін оларға қалалық әкімдіктің қызметкерімін деп айтқан. Алайда алаяқ әйел еш жерде жұмыс істемеген.

Қанат Қасенов, СҚО ІІД аға инспекторы:
-Қазіргі кезде күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Алаяқ 6 адамды алдап соқты деп айыпталып отыр.

Қанат Қасенов, СҚО ІІД аға инспекторы:
-Қазіргі кезде күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Алаяқ 6 адамды алдап соқты деп айыпталып отыр.

 

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, бүгінде тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жеңіс Ермұқанов