Спорт

Қыз-келіншектер спартакиадасы

 

 

 

Жарысқа 8 аудан мен облыс орталығының спортшылары жиылды. Барлығы 100-ден аса үміткер. Олар спорттың тоғыз түрі бойынша бақтарын сынап көрмек.

Асылбек Тоқбаев, қалалық  дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы:
Бұл жеңіл атлетика, шағын футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат және дойбыдан.  Осы қыздар мен әйелдер арасындағы спорттың деңгейін көтеру үшін ұйымдастырылып отыр. Спортты насихаттау, қыздарды спортқа тарту.

Сайыста Мамлют ауданының намысын қорғаған Алина Зябликова 100 метр қашықтыққа алдын-ала жүгіру бойынша жақсы нәтиже көрсетті. Енді ол ақтық мәреде де алдына жан салмайтынына сенімді.

Алина Зябликова, жарысқа қатысушы, Мамлют ауданы:
– Жеңіл атлетикамен айналысқаныма 4 жылдай болды.
Маған бұл спорт түрі жылдамдығымен ұнайды. Қыздардың дайындықтары мықты. Дегенмен жеңісті қолдан бермеуге тырысамын.  

Ал ядро лақтырудан облыс чемпионы Валерия Сычкова жарысқа 3 жыл қатарынан қатысуда. Бұл бірден аңғарылып та тұр. Спортшы осы жолы да қарсыластарын үлкен басымдықпен жеңіп шықты.

Валерия Сычкова, жарысқа қатысушы, Қызылжар ауданы:
Мен диск пен ядро лақтырудан жарысқа қатысамын. Жеңіл атлетикамен айналысу өзіме өте ұнайды. Мұндай шаралар жастардың спортқа ден қоюына септеседі деп ойлаймын.  

Дәстүрлі спартакиада 3 күнге созылады. Алдағы күндері жарысқа қатысушылар эстафета мен диск лақтырудан бақтарын сынамақ.

Инеш Шоқақова