Қоғам

Облыстық ІІД-де өткен кезекті брифинг

 

 
Жыл басынан көші-қон полициясының құрылымдарында 47 945 шетелдік азамат уақытша тіркеуге алынған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4,6 пайызға артқан. Қазақстанға көшіп келгендер де баршылық. Бүгінгі күні облыста 4 700-ден астам шетелдік тұрып жатыр. Оның 160 -қа жуығы алыс елдерден келгендер. Үстіміздегі жылдың жеті айында көші-қон заңнамасын бұзу фактісі бойынша 2 қылмыстық іс қозғалыпты. Оның біреуі елден шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамағандықтан болса, екіншісі заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысты қозғалған. Өзге елдің азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқандар да анықталып, тиісті жазасын алды..

Еркетай Тұтқышев, СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасы бастығының міндетін атқарушы:
– Осы жылдың 7 айында біздің облыс бойынша жұмыс беруші 47 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз еңбек етіп жүрген 65 шетелдік азамат ұсталды. Олар сот шешімі бойынша біздің елімізден шығарылды.

Баспасөз мәслихатында көші-қон заңнамасындағы өзгерістер жайлы да сөз қозғалды

Еркетай Тұтқышев, СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасы бастығының міндетін атқарушы:
-Осы жылда заңға да өзгерістер енгізілді. Қазақстан азаматтарын құжаттандыру және тіркеу әділет органдарынан біздің көші-қон полициясына ауыстырылды.

Қазіргі уақытта бұл жұмыспен 1 қалалық, 13 аудандық және 5 ауылдық құрылым айналысуда.
Брифингте шеттен келген қандастарды қабылдау бағытында атқарылып жатқан жұмыс жайлы да айтылды. Үстіміздегі жылы 445 адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алыпты. Оралмандардың көші-қон квотасына 121 отбасы ие болған. Квота алу үшін 108 өтініш түсіп, 50 отбасыға оралман мәртебесі берілді.

Айдана Демесінова