Құқық қорғау органдары

ІІД мен ТЖД қызметкерлерінің бірлескен рейді

Айтып келмейтін апатты жағдайларда құтқарушылар мен өрт сөндірушілер үшін әр секунд қымбат. Бірақ өкінішке қарай, оның бағасын әркім біле бермейді. Бұл алдымен өрт сөндіру техникасына жол беруді қажет деп есептемейтін көлік жүргізушілері. Аталған рейд барысында осылайша ереже бұзған 1 адамға әкімшілік жаза қолданылатын болды.

 Қаныбек Үкенов, №1 өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісі:
-Біз көп уақыт жоғалтамыз, кешігіп келеміз. 5-6 минут кетеді, ол біршама уақыт. Бізді біреу күтіп жатады, қиналып жатады.

Рейд нәтижесінде анықталған тағы бір кедергі  – тұрғын үй аулаларында орнатылған темір- бетон  дуалдар мен шлагбаумдар. Қала бойынша түрлі кедергілеріге толы осындай 111 аула тіркелген.

Ербол Қуанышев, СҚО ТЖД өртке қарсы бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы:
-Тұрғын үй аумағында көліктерді қоюға тыйым салынбаған. Тек арнайы техниканың жолын бөгемеуі үшін олар ғимаратқа жақын тұрмауы тиіс. Ол үшін әкімшілік жауапқа тартылады

Өз қалауларымен орнатқан шлагбаумдарды ашып-жбауды аула тұрғындары ғана біледі. Демек арнайы техника жұрттың көбі жұмыста болатын күндізгі уақытта шақырылса, құтқару немесе өрт қызметі бөгеттен өте алмай тұрып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан өз өмірлері үшін қашан да тұрғындардың өздері жауапты.

 Кәусар Аяпбергенқызы