Мәдениет

Бурабайда бардтар бас қосты

 

Бұл дарынды жастар үшін ән – өмірдің өзегі. Сүйікті істерін пайдамен үйлестіре білетін олар қашан да қызу өнер ортасынан табыла біледі.

Аида Тұртаева, “Союз-автор” шығармашылық бірлестігінің жетекшісі:
– Омбылықтар жыл сайын өткізетін “Синегорье” фестиваліне биыл ұйымдастырушының өзі Герасимова Елена Владимировна бізді арнайы шақырды. Біз, ойланбастан жиналдық та кете бардық. Қатысып қана қоймай, жақсы демалып та қайттық.

Аталған фестиваль халықаралық деңгейдегі шара. Биыл оған қазақстандықтардан басқа Ресей мен Германияның ансамбльдері де қатысыпты. Ал жергілікті өнерпаздардан  28 әншінің жетеуі диломант, біреуі лауреат атанып келді. Өз туындысын орындаған Роман Цибизов  «Ән авторы» номинациясында марапатталыпты.

Роман Цибизов:
-Менің бұл музыкаға қызыға бастағаныма 1 жылдай болды. «Ән композиторы» номанациясына қатысамын деп ән шығарып едім, нәтижесінде оны өзім орындап, сол үшін диплом алдым.

Ғажайып табиғат көрінісіне қанығып, басқалармен тәжірибе алмасу, жаңа әндер үйреніп жаңа достар табу –  бард әуесқойларын бір арнаға тоғыстыратын факторлар осы.

Ксения Савина:
– Осы шығармашылық бірлестікке келгеніме 3 жыл болды. Бірақ Бурабайға алғаш рет баруым. Жаңа таныстар таптым, табиғаты да көңілімнен шықты. Ендігі жылы да барғым келеді.  

Естен кетпес демалысқа барып қайтқан өнерпаздардың барлығы ендігі жылы бұдан да үлкен жетістікке жететіндей әсер алып қайтқан көрінеді.

 

 Кәусар Аяпбергенқызы