Қоғам

Арнайы комиссия қала саяжайларындағы жағдаймен танысты

«Мичурино», «Дельта» және «Первенец» саяжайларына апаратын жолды өткен жылы «СУ 808» ЖШС жөндеген болатын. Дегенмен оның бүгінгі жағдайы мүшкіл. Жауын-шашын болған күндері көлікпен жүру мүмкін емес. Бұл бағытта 16-шы автобус қана қатынайды. Жолаушылар көлігінің жүргізушісі Николай Вундерлих күніне 8 айналым жасайды, сөйтіп, осындай қолайсыз жолмен 16 рет өтуге тура келеді.

Николай Вундерлих, автобус жүргізушісі:
– Жол жаман. Айналып жүруге мәжбүрміз. Саяжайшыларды алыста түсіреміз. Оларға да қиын. көлік жиі істен шығады.

«Лесовод» бағбаншылық қауымдастығында да жағдай осы. Ал әрі қарай орналасқан «Фаза», «Вагонник», «Медик» саяжайларының жолында қоқыс үйіндісін кездестіруге болады. Дегенмен бұл жайсыздыққа азаматтардың өздері кінәлі.«Фаза» бағбаншылық қауымдастығында 189 саяжай учаскесі бар. Саяжайдың иелері су мен жарыққа шағымданбайды. Алайда бұндағы жолдардың жағдайы мәз емес. Сондықтан да облыс әкімі Серік Біләловтың көмегіне жүгінген.

Александр Трикачев, «Фаза» бағбаншылық қауымдастығының төрағасы:
– Өз күшімізбен ғана жолдарды шамамыз келгенше ретке келтіріп жатырмыз,  дегенмен мұның нәтижесін ауыз толтырып айта алмаймыз.

Өңір басшысының тапсыруымен бұл жерге аялдама павильоны орнатылған. Жұмыс барысымен танысып жүрген комиссия мүшелері жүктелген міндеттердің 10-15 пайызы ғана орындалғанын айтып отыр.

Виктор Молодовский, “Нұр Отан” ХДП СҚОФ төрағасының орынбасары:
– Қала әкімдігіне жүктелген, бағдарламада болған тапсырмалар бүгінде орындалмай жатыр. Жолдың нашарлығына шағымданатындар өте көп. Су, жарық мәселесімен де келіп жатады.

Жолаушы тасымалдаумен айналысатын мердігерлермен мәселелер туындайды. Олар бұл бағытта ескі көліктерін жібереді. Бұл автобустар тез сынады. Талай рет жаңа көлік жіберуді сұрағанбыз. Алайда құлақ салар емес.

Бақылаушы топ «Дружба» саяжай қоғамына да ат басын бұрды. Бұл қоғам осы жылы облыс әкімінің тапсырысымен сумен қамтамасыз етілген. Қаладан алшақ орналасқан «Космос» бағбаншылық қауымдастығында да жөнді жол жоқ. Бұл бағытта 38-автобус қана қатынайды. Оның өзі тек 2 сағат сайын ғана жүреді. 32 орындық көлікпен қалаға жету үшін азаматтар кезекке тұруға мәжбүр. Тұрғындарды алаңдатқан тағы бір мәселе – аялдама павильонының жоқтығы.

Айдана Демесінова