20 игі іс

Игі істер жалғасуда

Бұл екі үйдің ауласындағы бар балалардың ермегі осы бір алаң.

Оның өзі бұған дейін ойынға жабдықталмаған деседі балалар. Енді аула жаңадан салынғандай  кейіпке еніп,

 

аумақтағы барлық әткеншек, қақпа, бағаналар сырланды. Кішкентайлар үшін құм әкеліп төгілді. Әлі ер балаларға арналған гимнастикалық снаряд орнатылуы тиіс.

Руслан Сыздықов, қалалық мәслихаттың хатшысы:
Өңір басшысы Серік Біләловтың бастамасымен қолға алынған осы акцияға өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын. Балалардың спортқа көп көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстанғанына не жетсін. Олардың ойнап жүргендеріне қарап қуанамын.

Бұл ауланы жөндеу бірнеше жыл қатарынан жоспарланған іс екен. Тек тұрғындардан тиісті қаражат жинап, жұмысты бастауға ЖПИК-тің шамасы жетпеген көрінеді.

Валерий Чуприн, “Планета” ЖПИК төрағасы:
-Өзіміз жөндеуге тырысқанымызбен түк шықпады. Сондықтан Руслан Қайырбекұлына барлық тұрғындар атынан көп рақмет айтамын. Енді балалардың таза ауада ойнап жүргендеріне барлық ересектер де қарап мәз.

Келесі игі іс аясында мәслихат хатшысы балалар ауылының оқушыларын сыйлықтармен қуантуды жоспарлап отыр.

Кәусар Аяпбергенқызы