Құқық қорғау органдары

Телефон алаяқтары азаймай отыр

 

 

 

Алаяқтар үй телефонына қоңырау шалып, жақын туысыңыз қиын жағдайда, есірткімен айналысқаны болмаса басқа да қылмыстар үшін полиция қолына түсіп қалғанын хабарлайды. Осындай жағдайда қариялар көбіне сұраған сомаларын ойланбастан бере салатын көрінеді. Бүгінде облыстық ІІД қызметкерлері аталған қылмыстардың алдын алу жолдарын қарастырып жатыр.

 Қанат Қасенов, СҚО ІІД қызметкері:
– БАҚ арқылы ескертеміз. Осындай қоңырау шалынса полицияға хабарлау керек. ҚК 177- бабы бойынша жазаға тартылады. Олар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кәусар Аяпбергенқызы