Әр түрлі

Тамыздағы ауа райы

Биылғы жаз теріскейліктерді жайма-шуақ ауа райымен қуантпады.Тамыз айында да жағажайларда дем алып, күн шуағына бөленудің жолы болмайтын көрінеді. Ауаның орташа айлық температурасы   +15,17  градус шамасында ғана.

 Гүлзат Ғазизова, СҚО гидрометеорологиялық орталықтың бөлім бастығы:
– 1-9 тамызда ауаның температурасы түнде 10-18 градус жылы, күндіз 18-28 градус жылы болады. 10 тамызда   түнде 3 -13 градус, ал күндіз 15-25 градусқа дейін төмендейді.

Солтүстікқазақстандықтарды жаздың соңғы айының екінші онкүндігі қуантпақ. Тамыздың 13- 18 аралығында ауа температурасы күндіз 22 -ден 32 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Гүлзат Ғазизова, СҚО гидрометеорологиялық орталықтың бөлім бастығы:
– Үшінші онкүндікте ауаның температурасы түнде 4-9 градус жылы, күндіз 14-19 градусқа дейін одан әрі төмендейді. Жауын-шашынның айлық мөлшері мөлшерден көп күтіледі.   

Тамыз айы – түрлі жеміс-жидектің пісіп, халықтың молшылыққа кенелетін шағы. Тұрғындар бұл кезде мол өнім жинауға ауа райы да қолайлы болар деген үмітте. Синоптиктердің көпжылдық бақылауы бойынша тамыз айындағы ең жоғарғы температура 1952 жылы байқалыпты. Ол жолы термометр бағамы 38 градусқа дейін көтерілген. Ал осыдан 40 жыл бұрын ауа температурасы минус 0,5 градусқа дейін төмендепті.

Инеш Шоқақова