Сенбі күні кешкі сағат 11 кезінде Петропавл-Булаев автожолында 3 машина соқтығысқан. Полицейлердің алдын ала болжамдарына қарағанда, бұл оқиғаның туындауына ВАЗ- 2106 көлігінің 40 жастағы жүргізушісі себепкер болған. Ол темір тұлпарға мас күйінде отырған екен. Күдікті ВАЗ- 2102 автомобилімен соқтығысып, оны қарсы жаққа шығарып жібереді. Ал ВАЗ -2102 көлігі алдынан шыққан шетел маркілі автомобильді жыраға түсірген. Осының салдарынана 9 адам жапа шекті.
Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД Жол полициясы басқармасының инспекторы :
– “Жигули” жүргізушісі және 2 бала қалалық ауруханаға жеткізілді. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетілді.
Көлік апатына кінәлі жүргізуші оқиға орнында ұсталды. Сезікті бір апта бұрын дәл осындай заңбұзушылық үшін жүргізуші куәлігінен айырылыпты. Бүгінде сезікті 10 тәулікке қамауға алынды.
Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД Жол полициясы басқармасының инспекторы:
-Барлық жүргізушілерге мас күйде көлік жүргізу қауіпті екендігін айтқым келеді.
Жалпы жыл басынан автокөлікті мас күйде жүргізген 1506 жүргізуші ұсталды.
Айдана Демесінова