Қайырымдылық

«Балалық шақты қорғауға 20 қадам»



“Балалық шақты қорғауға 20 қадам” қайырымдылық шарасы өңірімізде 3-рет өткізіліп отыр. Осы жолғысы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылыпты.

Қорлан Жайсенбаева, балалар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы:
–  Жетім балаларға және көпбалалы, тұрмысы нашар отбасы балаларына қолдау көрсету үшін осындау акция ұйымдастырып отырмыз.

Осы сияқты жәшіктер «Абди Компани», «Школьник», «Знание», «Карандаш», «Мир школьника» және «Канцмаркет» дүкендеріне қойылыпты. Ұйымдастырушылар жерлестеріміздің мейірім-шапағатына үлкен үміт артып отыр. Өйткені былтыр ұйымдастырылған акция өз нәтижесін берген екен

Қорлан Жайсенбаева, балалар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы:
 – Өткен жылы 9 жәшік дүкендерде орналастырдық. Нәтижесі бойынша 300 балаға 144 мың теңгеге   көмек көрсеттік.

Мұндай шараларды өткізу аудан басшылықтарына да тапсырылған. Ал жаздың  соңына қарай балалар құқығын қорғау департаменті жәрмеңке ұйымдастырмақ. Онда мектепке арналған оқу құралдары мен киім-кешектер қолжетімді бағамен сатылады. Ал “Балалық шақты қорғауға 20 қадам” акциясы қыркүйектің 30-на дейін жалғаспақ.

Айдана Демесінова