Қоғам

Үгіт науқаны

 

 

 

Парламент Сенаты депутаттығына үміткер сегіз солтүстікқазақстандық кандидаттың үшеуі тіркеуден өтті – бұл Самат Ескендіров, Серік Тәшенов және Есжан Оразалин. Үміткерлер шілденің отызынан сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кірісті. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 477 мың теңге бөлініп отыр.

Асқар Сақыпкереев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
-3 үміткер үгіт жұмыстарын дауыс берушілердің арасында жүргізеді. Дауыс берушілер облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттары. Бүгінде 213 дауыс беруші бар.

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны кезінде кандидаттардың сенімді тұлғалары жұмыс жасайды. Бүгінде сайлаушылармен кездесулердің кестесі бекітілген. Сайлауалды науқан заңға сай өтіп жатыр дейді облыстық сайлау комиссиясындағылар. Үгіт-насихат жұмыстары тамыздың 17-де сағат 24-те аяқталмақ. Ал Парламент Сенаты депутаттарын сайлау он тоғызыншы тамызда өтеді.

Асқар Сақыпкереев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
-Тамыздың 19-ы күні сайлау Н.Погодин атындағы орыс драма театрында өтеді. Сағат тоғызда сайлау комиссиясы жұмысын бастайды. Бүгінгі күні сайлау комиссиясына арыз-шағымдар түскен жоқ.

Жалпы республика бойынша он алты депутаттық мандатқа 52 үміткер тіркелген. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, орташа есеппен алғанда 1 депутаттық мандатқа бәсекелестік 3 кандидаттан асады.

Айымгүл Әбілева