Құрылыс

Ғаламтор пайдаланушылары үшін жағымды жаңалық

Тамыздың 1-нен бастап ғаламтор пайдаланушы жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер үшін бірден 3 тарифтік жоспардың төлемі жеңілдетілді.

 Руслан Ахметов,  «Қазақтелеком» АҚ СҚ ОТД филиалы коммерциялық директорының міндетін атқарушы:
– «Мегалайн –Турбо», «Турбо плюс» және «Турбо лайт» тарифтері 21 пайызға арзандады. Бұрын осы тарифтер үшін 5 845 теңге төленсе, қазір ол қосымша құн салығын есептегенде 4 600 теңге тұрады.  

Сондай-ақ сыртқы ресурстарға мәлімет жіберу жылдамдығы бұрын 20 болса, қазір 40 ГБ-қа дейін артты. Өзгеріс «Мектеп» тарифтік жоспарына енгізілді.

 Руслан Ахметов,  «Қазақтелеком» АҚ СҚ ОТД филиалы коммерциялық директорының міндетін атқарушы:
– «Мектеп» тарифтік жоспарының ішкі ресурстардағы жылдамдығы артып, секундына 2 мегабитқа жетті. Бірақ айлық төлемі өзгерген жоқ.

«Қазақтелекомның»  «Мегалайн -Турбо ІD Phone» қызметін пайдаланушылар да енді ол үшін әдеттегіден 20 пайызға аз, 4400 теңге төлейтін болады.

Кәусар Аяпбергенқызы