Ауыл шаруашылығы

Прокуратура қоғамдық жайылымдарды тексерді

Өңір прокурорлары қоғамдық жайылымдар

ды алғаш рет сараптапты. Құзырлы орган мамандары негізгі мәліметтерді ауыл шаруашылығы, жер қатынастары мен статистика басқармаларынан алған. Өткен жылмен салыстырғанда облысымызда ірі қара мал саны 8,1 % артып, 259 мың 200 басқа жеткен. Ал мал бағатын жайылымдардың керісінше азайғандығы байқалады.  Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылдық округі жайылымдармен тек 17%, Рощинский мен Петерфельд 27% ғана қамтамасыз етілген. Бұл ауылшаруашылығы министрлігінің, мал дәрігерлерінің қаулысының талаптарына мүлдем сай емес.  Бескөл ауылдық округінде зеңгі баба төлінің бір басына шаққанда бар болғаны 90 сотық жер қарастырылған. Талапқа сай ондай аумақтар 5,2  гектардан кем болмауы тиіс. Торпақтардың көтеремдігі осыған тікелей байланысты дейді мамандар.

 

Ырысбала Әубәкірованың отбасылық табыс көзі – үш сиыр ғана. 3-ші топ мүгедегі оларды өзі баға алмайды. Сондықтан зейнетақысының бір бөлігіне бақташы жалдауға тура келеді .

Ырысбала Әубәкірова, Бескөл ауылының тұрғыны:
Бір басқа 1,5 мың теңгеден келеді. Мал ұстайтындар қазір сиреп кетті. Бар болғаны 30-35 мың теңге үшін қандай адам күннің ыстығы мен суығында таңнан кешке дейін біреудің малын қарағысы келеді. Жайылымдағы су тұзды, оның үстіне лайланып кеткен. Мал ішпейді. Жайылатын өріс те шағын ғана. Есесіне сиырлар сүтті аз береді. Сондықтан бұндай жағдайда мал шаруашылығымен айналысу өте тиімсіз.

Мал қыстап шығу үшін азық дайындайтын шабындықтар да жоқтың қасы. Бір трактор арбасымен шөп сатып алу – 20 мың теңге. Бұл сома ауылдықтардың қалтасын қағатыны сөзсіз.

Светлана Оралбаева, СҚО прокурорының аға көмекшісі:
Тайынша ауданның әкімдігі мың гектардан артық шабындық жерді жеке кәсіпкердің иелігіне беріпті. Айыртау ауданында да осындай жер телімдерін кәсіпкерлердің құзырына заңсыз берудің бірнеше фактісі анықталды.

Өңіріміздегі 13 ауданның ішінде тек аққайыңдықтар ғана жайылым мен шабындық жерлердің мәселелерін толықтай шешіпті. Өзгелерінде қажеттілік 70 пайызға дейін орындалмаған екен. Тексеріс жұмыстарының қорытындысы бойынша прокурорлар 8 хаттама толтырды. Сондай-ақ бұл келеңсіздіктер тізілген хат облыс әкіміне жіберілді.

 Жеңіс Ермұқанов