Денсаулық сақтау

Петропавлға мәскеулік кардиологтар келді



 

Жүрек, қан тамыр ауруларына шалдыққан солтүстікқазақстандықтар үшін облыстық кардиологиялық орталықта 11 маман қызмет көрсетеді. Бүгінгі күні мұндағы кардиохирургиялық бөлімшеде 20 науқас ем алып жатса, күн сайын бір адамға ота жасалатын көрінеді. Науқастардың айтуларына қарағанда, мұндағы дәрігердің бәрі нағыз адам жанының арашашысы деуге анық лайық.

Бауыржан Қойшыбеков:
ахмет, тегін жасады. Әйтпесе, әркімнің жағдайы келе бермейді
Александр Алексеев
:
сындағы барлық хирург, медбикелерге алғысым шексіз. Менің жүрегіме 3 күн бұрын ота жасады, бәрі жақсы өтті. Дәрігерлер бізге екінші өмір сыйлады деуге болады.  
Енді, орталық мамандары үшін біліктіліктерін арттыра түсудің тамаша мүмкіндігі туып отыр. Бұл жағымды хабарды облыс әкімі Серік Біләловтің шақыртуымен өңірімізге арнайы келген меймандар жеткізді.

Джамшед Камардинов, А.Н.Бакулев атындағы жүрек-қан тамыр хирургиясы ғылыми орталығының кардиологы, медицина ғылымдарының кандидаты:
– Ашылғанына 2 жыл ғана толса да бұл орталық мақтауға тұрарлық деңгейге жетіпті.
Сондықтан келешекте әріптестік қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасқымыз келеді. Біздің орталық жасанды қан айналымы арқылы жылына 8-9 мың адамға ота жасайды.

Бөлімшедегі науқастардың жағдайын көріп шыққан мәскеулік мамандардың орталықта көрсетіліп жатқан медициналық көмекке көңілдері толды. Алдағы екі жақты тиімді байланыс орнатуға жергілікті  дәрігерлер де мүдделі.

 Азамат Мағзұмов, “Кардиологиялық орталық” КМК бас дәрігері:
-Жаңа диагностикалық аппараттарды енгізу туралы жоспарлар бар. Кейінгі уақыттарда операцияға оларға жіберуге, бізге келіп жасату қадамдары жасалады.

Осы сапар барысында қонақтар мен жергілікті мамандар ресми түрде әріптестік жөнінде келісім-шартқа отыратын болады.

Кәусар Аяпбергенқызы