Энергетика

Энергетикалық жүйені жөндеу

19 63-64  жылдары салынған трансформаторлық  қосалқы станциялар пайдалану мерзімін толықтай өтеген. Қондырғылар жұмысқа жарамды болғанмен, жауын-шашын кезінде ішіне су жиналып, апаттық жағдай туатын. Күн райы бұзылғанда энергетикалық

 

компания су деңгейін бақылайтын кезекшілерді де белгілейтін. Станция ғимараты қалпына келтірілген кезде осы кемшіліктер назарға алыныпты. Ендігі уақытта электр желілері суда қалады деп алаңдауға негіз жоқ. Жаз айларында 5 трансформаторлық станцияның ғимараттары жөнделіп, қондырғылары толық ауыстырылмақ. Бірнешеуіндегі жұмыс аяқталыпты да. Бір нысандағы жұмысқа 7-8 миллион теңге жұмсалады. Ал үшеуінде қондырғылар ғана жаңасына алмастырылуда.

Виталий Фесько,  «Солтүстік Қазақстан энергия тарату компаниясы» АҚ бас инженері міндетін атқарушы:

– Инвестициялық бағдарлама бойынша 10-04 киловольттық негізгі желілерді ауыстырып жатырмыз. Бұл жұмысты бірнеше жылдан бері қолға алғанбыз. Жалпы еліміздегі оқшауланған сымдарды біз ғана тартып жатырмыз.

Оқшауланған сымдардың қауіпсіздігімен қатар желіге заңсыз қосылу мүмкіндіктері де шектеулі. Сымдар қапталған, сондықтан жерден қосыла алмайсың.
Үстіміздегі жылы облыс орталығының Букетов көшесінен Явленка тас жолына дейінгі бөлігін электр энергиясымен қамтамасыз ететін трансформатордың негізгі бөлігіне де күрделі жөндеу жүргізіліпті. Алматылық мердігер компания бұл жерде 8 миллион теңгенің жұмысын атқарған. Енді бұл ауданда қосымша қуат көздері де бар.

Әсем Рахметова