Қоғам

Қаланың шет ауданында балалар ауласы жабдықталды

 

 

 

 

Бұдан былай №12 орта мектеп оқушылары мен Былғары зауыты ауданының жастары жаз уақытында футбол, қыста хоккей ойнай алатын болды. “Жас Отан” ЖҚ мен “Нұр Отан” партиясы “Болашақ” филиалының мүшелері бұл игі істі нақ осы шеткі ауданнан бастауды жөн санаған.

 Рүстем Есенбергенов, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ қалалық филиалының атқарушы хатшысы:
-Зиянды әдеттерге осындай ауданның жастары тез үйренеді. Сондықтан мынадай аула болса, олар көбірек спортпен айналысатын болады.

Құрылыс жұмыстары былтыр күзде басталған. Бірақ тиісті көмек пен қаржы болмай, іс ұзаққа созылып кетіпті. Дегенмен, жергілікті кәсіпкерлер қарап қалмапты, қолдарынан келген көмекті аямаған.

 Данияр Әбутәліпов, “Нұр Отан” ХДП “Болашақ” филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
 -Бастапқыда мектеп директоры ауламыз жоқ деген соң біз салып бергіміз келді.
Бірақ ақша бөлінген жоқ. Жергілікті бизнесмендер көмектесті.

Жастардың айтуынша, шеткері ауданда қыз балалардың бос уақыттарын тиімді өткізу мүмкіндіктері аз. Сондықтан олар темекі, есірткі мен ішімдікке ертеден бет бұра бастайды.

Әлия Ақмолтықова:

Мен осы аудандағы 12 орта мектепті биыл тәмамдадым. Әрине, ойнайтын алаң болмағандықтан қиын болатын. Енді өзімнен кейінгі оқушылар үшін қуаныштымын.

Дәл осындай алаңдар Бензострой, ДСР аудандары мен Жұмысшы поселкесіне қажет. Оларды салып беруден   жастар қашпақ емес. Тек бұл үшін тағы да қаржылай көмек керек.

 Кәусар Аяпбергенқызы