Қылмыс

Жағажайдағы төбелес

Есіл өзенінің жағасында демалып қайтпақ болған ерлі зайыптының серуені келеңсіз оқиғамен тынды. Жақын маңда сауық құрып жүрген бір топ жігіт әлгілердің мазасын алыпты. Бұған төзбеген отағасы сөз қайтарып, араларында жанжал туындаған. Өздерінің көптігін пайдаланған жігіттер ер адамға жұдырық ала жүгіріп, тепкінің астына алады. Осы сәтте су бөгетінде кезекшілікте жүрген мамандандырылған күзет басқармасының қызметкері төбелесті байқап, рация арқылы көмек шақырған.

Андрей Ефименко, СҚО ІІД МКҚБ жедел ықпал ету тобының полицейі:
– Бізге жәбірленуші әйел жұбайын ұрып-соққан жігіттерді көрсетті. Оның айтуынша, нұсқаған адамдар қол көтерумен тынбай, жәбірленушіні суға батырмақ болыпты.

Оқиға орнында 11 бұзақы ұсталды. Алайда дөрекілік танытып, күш көрсеткендер өз кінәларын мойындамай отыр.

Мұрат Мусин, СҚО ІІД МКҚБ жедел ықпал ету тобының полицейі:

-Осында жеткен кезде біз бір топ адамды ұстадық. Олар Петропавл қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілді.  

Қазір аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жұргізілуде. Күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Жеңіс Ермұқанов