Спорт

Ерекше әуестік

Арқанның көмегімен су бетімен ондаған метр  қашықтықты  өтуге болады.   Вейкбординг деп аталатын бұл спорт түрімен Максим Акиньшин айналысып жүр. Ол жаттығуға қажетті құрал-жабдық сатып алып, өзінің арқан жолын жасап үлгерген. Максимнің бұл әуестігін әкесі де бірден қолдапты.

 Юрий Акиньшин:

-Жылдамдық нөлден бастап теңгеріледі. Ең жоғарғы жылдамдық сағатына 38 шақырым. Бұл желкенді қайықпен жүзудегі әлем чемпионатының ресми жылдамдығы болып саналады.

Бұл жерде сальто жасап, ерекше әсер қуудың қажеті жоқ. Бастысы – бұл спорт түрінің қыр-сырын меңгеріп алу. Дегенмен Максим Акиньшин секілді тақтайшада түрлі айла-әрекет жасай білген де артық болмас. Ол мұның бәрін ғаламтордан үйреніпті.

Максим Акиньшин:

– Біз жіберген қателіктерімізді бейнетүсірілім арқылы көреміз. Бұдан қорытынды жасап, олқылықтарды түзейміз. Ең бастысы ауыр жарақат алмауға тырысу керек. Өйткені жаттығуларды тоқтатуға тура келеді.

Вейкбордпен айналысуды енді бастағандар алдымен тепе-теңдік сақтауды үйренуі қажет. Содан соң суда толқын жасап машықтанған жөн. Біздің шағын қала үшін бұл спорт түрі әлі таңсық. Бірақ әуестенушілер қатары жыл санап артып келеді.

Инеш Шоқақова