Әр түрлі

“Есіл суға” – 10 жыл

“Есіл су” мекемесінің қызметкерлерін 10 жылдық мерейтоймен облыс әкімінің бірінші орынбасары Самат Ескендіров құттықтады. Ол өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде мекеменің қыруар шаруа тындырып келетінін атап өтті. Шалғай аймақтарға суды дер кезінде жеткізу және сапасын жіті қадағалау да “Есіл су” қызметкерлерінің басты назарында.

Самат Ескендіров, СҚО әкімінің бірінші орынбасары:
– Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жолдауында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету аса маңызды міндет деген болатын. Сондықтан сіздерге үлкен жауапты жұмыс жүктелген. Еңбектеріңіз әрқашанда жана берсін.

Жиында “Ұзақ жылғы адал еңбегі және СҚО мен Қостанай халқын ауыз сумен қамтамасыз етуге қосқан қомақты үлесі үшін” облыс әкімінің құрмет грамотасымен 6 қызметкер марапатталды. Мерейтой иелерінің қуанышына ортақтасуға әріптестер, тұтынушылар мен кәсіпорын ардагерлері де жиылды. Владимир Тимошин бұл кәсіпорында 26 жыл қызмет етіпті. Қария құрметті демалысқа шықса да, мекемеден алшақтаған емес.

Владимир Тимошин, кәсіпорын ардагерлері кеңесінің төрағасы:
– Бүгін “Есіл су” мекемесінің 10 жылдығын атап өтуге жиылып отырмыз.
Бастапқыда біраз қиыншылықтар кездессе де, қызметкерлер халықты ауыз сумен қамтамасыз етуде біраз жұмыс атқарды. Барша қызметкерлерге денсаулық, еңбектерінде табыс тілеймін.

Салтанатты жиында ешбір қызметкердің еңбегі елеусіз қалмады. “ҚР сумен қамтуға маңызды үлес қосып, өндірісте тұрақты нәтижелерге қол жеткізгені үшін ” құрмет грамотасы мекеменің бірқатар қызметкеріне табысталды. Бұл марапатқа лайық деп табылғандардың бірі Ғабиден Таласбаев.

Ғабиден Таласбаев, “Есіл су” РМК құрал-жабдықты жөндеу участкесінің жетекші маманы:
– Мен еңбегімнің бағаланғанына ризамын. Аз уақыт жұмыс істесем де. Бізде 186 техника бар. Соны жөндеп, халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге тырысамыз.

Инеш Шоқақова