Спорт

Велошабандоздар ел чемпионатында жеңіске жетті

 

Көпкүндік сайысқа 70-ке жуық велошабандоз қатысыпты. 9 кезең бойынша үздіктерді анықтаған додада өңір құрамасының нәтижесі қуантарлық. Солтүстікқазақстандық 11 спортшы намысты қолдан бермей, қарсылас құрамаларға жоғары бәсекелестік көрсетті.

Игорь Зольников, велосипед спорты бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы:
– Біздің құрама өте жақсы нәтижелер көрсетті. Бұл бізді қуантады. Өзге командалардан еш кем түспедік деп айта аламын.

Вадим Галеев көпкүндік сайыста 135 шақырым қашықтықты 2-ші болып бағындырыпты. Бұл 10 жылдан бері жинақталған тәжірибенің нәтижесі болса керек. 19 жасар спортшы бұған дейін Азия чемпионатының қола жүлдегері атанып, Сингапурде өткен жасөспірімдердің олимпиада ойындарында ел намысын қорғапты.

Вадим Галеев, велошабандоз:
Мен үшін сайыс жаттығу сияқты өтті. Сонымен қатар команданың жеңіске жетуі үшін барынша тырыстым. 7-кезеңде 2-ші орынға ие болдым.

Додада өңір құрамасының жеңіске жетуіне Бахтияр Қожатаевтың да тигізген үлесі зор. Ол жалпы жарыс қорытындысы бойынша жеке есепте 4-орынға қол жеткізіпті.

Бахтияр Қожатаев, велошабандоз:
-Біз бәріміз жақсы өнер көрсетуге тырыстық.
Бұл қолымыздан келді деп ойлаймын. Өз нәтижелеріме қуаныштымын.

Қазіргі уақытта спортшылар Астана қаласында өтетін республикалық спартакиадаға қызу дайындық үстінде. Жарыс қыркүйек айына жоспарланған.

Инеш Шоқақова