Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Қазақстанның үздік тауары” көрме-байқауы

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған “Қазақстанның  үздік тауары” байқауының өңірлік кезеңін облыс әкімі Серік Біләлов ашты. Өз сөзінде өңір жетекшісі 5 жыл бұрын Елбасының ұсынысымен жарияланған байқау әсіресе шағын және орта бизнес өкілдеріне зор мүмкіндіктер беретінін атап өтті.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Елбасы қазақстандық мазмұнды ұлғайтып, шағын және орта бизнесті қолдауды арттыру керек деп тапсырған болатын. Бұл ретте облысымызда тың жобалар іске асып жатыр. Бүгінгі байқау да соның айғағы. Араларынан ең үздікті анықтау оңай болмайды. Халық тұтынатын тауарды өндірушілердің ісіне сәттілік тілеймін.

Кейін өңір басшысы көрмені аралап сөрелерге жайылған тауар үлгілерімен танысты.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Елбасы қазақстандық мазмұнды ұлғайтып, шағын және орта бизнесті қолдауды арттыру керек деп тапсырған болатын. Бұл ретте облысымызда тың жобалар іске асып жатыр. Бүгінгі байқау да соның айғағы. Араларынан ең үздікті анықтау оңай болмайды. Халық тұтынатын тауарды өндірушілердің ісіне сәттілік тілеймін.

Кейін өңір басшысы көрмені аралап сөрелерге жайылған тауар үлгілерімен танысты.

Бизнес құрылымдары жетекшілерімен тілдесіп өнімдерінің бағасын сұрап білді. Н. Погодин атындағы орыс драма театрының бірінші қабатына өнеркәсіп  кәсіпорындар жайғасыпты. “Единство” ЖШС облысымызда тұрақты әрі белсенді дамып кележатқан  кәсіпорындардың қатарында. 1999 жылдан бері отандық нарықта зор сұранысқа ие темір-бетон құрылыс материалдарын шығаруды елімізде бірінші болып қолға алған. Жылына 200 млн теңгенің 220-ға тарта өнімін шығарады екен. Жылдам әзірленетін өнімнің санымен қатар сапасына да баса назар аударылады. Серіктестік биылдан тағы бірнеше тың жобаларын жүзеге асырып үлгеріпті. Ал екінші қабатта азық-түлік өнімдері ұсынылған. Қаз-қатар тізілген сөрелерге сүт, ет, нан-тоқаш сияқты халық тұтынатын тауарлардың сан түрі жайылыпты. “Фирма Алекри” ЖШС Қазақстан тәуелсіздік алған жылы құрылған. Бүгінде егеменді елмен құрдас құс кешені алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың көш басында келеді.

Данияр Ыбраев, “Фирма Алекри” ЖШС өкілі, Қызылжар ауданы:
Біз жыл сайын заманауи құрылғыларды жаңартып тұрамыз. Бұл ісіміздің алға басуының басты факторы. Бүгінгі байқау біз үшін өзгелерге өзімізді танытып, әріптестік қатынас орнатудың жақсы мүмкіндігі. Басқа өндірушілерден де көпті біліп шеберлік алмасып қайтамыз.

Өткен жылы дәл осы байқау өңіріміздің 34 тауар өндірушісінің басын қосыпты. Биыл өз өнімдерін ұсынғандардың қатары тағы 10 қатысушыға артқан. «Қазақстанның үздік өнімі» атағын алу үшін конкурсқа ел көлемінде тұрмыстық, азық-түлік тауарларын, техникалық қолданыстағы өнімдерді тарататын әр кәсіпорын қатыса алады. Тек іскер жандардың өз кәсібін дөңгелетіп жүргеніне үш жылдан кем болмауы шарт. Алайда, өз қызметі аясында айтарлықтай жоғары нәтиже көрсетіп, өнімі сұранысқа ие болып көзге түскен кәсіпорындардың мүмкіндігі өзгелерінен басым болмақ.

Арман Өтегенов, СҚО өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы бастығының орынбасары:
-Үздік кәсіпорын, халық үшін өнім шығаратын үздік кәсіпорын, қызмет көрсетуші үздік кәсіпорын деген номинациялар бар.
Оларды екі арнайы сараптама комиссиясы анықтайды.

“Қазақстанның ең үздік тауары” байқауының өңірлік кезеңінде жеңімпаз ретінде танылғандар өңір намысын Астана қаласында өтетін республикалық сында қорғайтын болады.

 Жеңіс Ермұқанов