Қоғам

Ет сапасы қатаң бақылануда

 

 

 

Петропавлдың сауда сөрелеріне қойылатын ет өнімдері көбіне облыс аудандарынан жеткізіледі. Мал сою ісін санитарлық талаптарға сай ету үшін арнайы орындар ашылған. Бүгінде өңірімізде мал соятын 12 орталық, 112 алаң жұмыс істеуде. Олардан жеткізілген ет тура қала базарларына келіп түседі. Бұл жерде өнім иесінің құжаттары тексеріледі, ал ет облыстық зертханада толығымен сарапталады.

Абылай Сағынов, СҚО санитарлық ветеринариясының бас инспекторы:
– ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 1754 қаулысы бойынша ауыл малын союға қатысты бірнеше ереже қабылданды. Онда малды арнайы сою орталықтарында бұзу керек деген талап қойылған. Себебі сол жерде соғымның жалпы жағдайы тексеріледі. Санитарлық қараудан өтеді. Ауру малдың еті бірден алынып, саудаға жіберілмейді.

Біріншіден, соғым иісі мен түсі бойынша қаралады. Екіншіден, радиометр арқылы радияцияға зерттеледі. Одан өтсе, етке дөңгелек мөр басылады. Соңына қарай соғымның ішкі мүшелері мен етінің құрамы сараптамаға жіберіледі.

Надежда Никонова, «Моноцит» ЖШС мал дәрігері:
-Мұнда мал жіті бақылаудан өтеді. Мәселен, жылқы еті сап ауруына, сиыр еті финозға, шошқа трихонилез ауруының бар-жоқтығына тексеріледі.

Петропавлда етті 20-ға жуық сауда нүктесінен сатып алуға болады. Оның әр бірінде зерттеу орталығы бар. Сондықтан тұтынушылар өнімді аталмыш сауда орталықтарынан еш күдіктенбей алады.
Алайда малды арнайы орындарға апармай, өз бетінше сойып саудаға өткізетіндер де баршылық. Олар мұндай санитарлық тексерістің не екенін де білмейді.

Абылай Сағынов,СҚО санитарлық ветеринариясының бас инспекторы:
Үстіміздегі жылы етті саудаға заңсыз өткізген 350 адамға 1 млн 30 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Біздің мақсатымыз еттен жұғатын аурулардың алдын алу. Мысал үшін, басқа қалаларда аусыл ауруымен ауырып жатқандар аз емес.

Ветеринар мамандар ет саудалауға қатысты заңның қатаңдатылуы ең алдымен облыс тұрғындарының денсаулығы мен  қауіпсіздігі үшін қажет дейді.

Гүлден Сәрсенбаева