Құқық қорғау органдары

«Қазпочта» бөлімшесі тоналды

 

 

 

Ертесін жұмысқа келген «Қазпочта» бөлімшесінің қызметкері ашық қалған есікті көреді. Іштегі сейф те ақтарылып қалған. 9 миллион теңге қолды болса керек. Оқиға орнына облыстық , аудандық ішкі істер органдарының жедел тергеу топтары жеткен. Бұл жолы оқиғаның ізін суытпай ашудың сәті түспеді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өз міндеттерін толық атқармау және ұрлық фактілері бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.

Спартак Қабденов,  СҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы:

– Оқиға орнына келген полицейлер есіктің құлпы кесілгенін көрді. Бөлімшеде күзетші болмаған. Дабылқаққыш істемеген.  

Поштадағы қаржы жәрдемақы мен бюджеттік сала қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін жеткізілген. Бұған дейінгі күндері 12 миллионның 3 миллион теңгесі ғана таратылған. Қалғаны ұрылардың қанжығасында кеткен.

Спартак Қабденов,  СҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы:

-Облыс, қала тұрғындарынан қылмыскерлер туралы ақпарат болса, полиция бөліміне хабарласуды сұраймыз.  

Әсем Рахметова