Спорт

Гір көтерушілер ел чемпионатында 3-ші орынға шықты

 

 

 

95 келі салмақ дәрежесінде ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Виталий Диденко жеңіске жетсе, нәзікжандар арасында 63 келі салмақ дәрежесінде Елена Костенко топ жарды. Өңіріміз жалпыкомандалық есепте 3-орында тұрақтаған. Алғашқы орындарда Қостанай және Астана құрамалары. Қазақстан Республикасының 3-ші Жазғы спартакиада ойындарындағы жерлес жүзгіштердің де нәтижелері қуантарлық. Владислав Поляков   алтын және күміс алқаға ие болса, Александр Труш- үшінші орыннан көрінді. Ал 14 жасар Ирина Сорокина ҚР спорт шеберінің нормасын орындап, төртінші орынды иеленді. Жазғы спартакиада қорытындысы бойынша Ирина және Игорь Сорокиндер жүзуден Азия чемпионатына жолдама алған. Аталмыш жарыста үздік өнер көрсеткен спортшылар 2012 жылы Лондон қаласында өтетін Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігіне ие болмақ.

Инеш Шоқақова