Қоғам

314-атқыштар дивизиясының құрылғанына – 70 жыл

 

 

Осыдан тура 70 жыл бұрын Жасұлан Құдабаев дәл осы жерден ағасы Төрежанды қан майданға шығарып салыпты. Жауынгер даңқты 314-ші атқыштар дивизиясының кескілескен ұрыстарының бірінде ерлікпен қаза тапты. Тыл еңбеккері бауырлардың ыстық құшағы ажыраған сол бір ұмытылмас сәтті еске алып ескерткіштің басына жиі келеді екен.

Жасұлан Құдабаев, тыл еңбеккері:
-10 жыл бұрын облыста 33 адам болып еді. Қазір бір-ақ адам қалды. Құрылғанда 5 пункт болды. Мына тұрған жеріміз бастысы болса, қалғандары Черемушкиге дейін созылды айналасы 1 айдың ішінде құрылды.

Қазір бұл жерде олардың құрметіне ескерткіш орнатылған. Бүгін оның басына соғыс куәгерлерімен қатар  Отан үшін отқа түскен ерлердің ұрпағы да келді. Олар бейбіт күннің астында, егеменді елде тұру бақыты үшін аға ұрпақ алдында бас иеді. Сол өжет жерлестеріміздің қатарында аттанған Ефим Малаевты ұлы Владимир тек фотолардан ғана таниды. 41 жылы ол 10 айлық нәресте ғана еді. Девизияның мерген атқышы жайлы тек шешесінің әңгімелерінен біледі.

Владимир Малаев:

– Шешемнің айтуынша әкемді соғысқа шақырмапты да, өз еркімен Отанын қорғауға атанды. Әкемнен  2-3 хат қана келіп, кейін суық хабар жетті. Соғысқа дейін ауыл шаруашылығында қызмет етті. Мені әкеңе тартқансың дейтін. Бар білерім осы.
 
Бұл күні елі мен жері үшін өмірін қиып, туған жерге оралмаған қаһармен ерлерді кейінгі ұрпақ бір минуттық үнсіздікпен еске алды, зұлмат соғыс  жұтқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. 314-ші атқыштар дивизиясы солтүстік-батыс майданда кеңес елінің талай қалаларын жаудан азат етуге атсалысты. Фашистердің қоршауында қалған Ленинград блокадасын  бұзуда дивизия өшпес ерлік көрсетті. Ол үшін екінің біріне берілмейтін Кутузов орденімен марапатталды.

 Жеңіс Ермұқанов