Қылмыс

Мас жүргізуші балаларды соғып кетті

 

 

 

 

Сол күні кешкісін бес және он жасар екі бала құм үстінде ойнап отырған. Сағат кешкі сегіз шамасында кенеттен көрші үйдің ауласынан шыққан «Нива» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, балаларды соғып кеткен. Көлік төніп барған кезде балалардың бірі астында қалып, екіншісі қатты соққыдан ұшып кеткен. Екеуі де дереу аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың біреуінің халі өте ауыр, екіншісі орташа жарақаттар алған. Көлік ішінде болған балаға да медициналық көмек көрсетілді.
Куәгерлердің айтуынша, балаларды соққан жігіт көліктен шығып, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция мен жедел медициналық көмекті көршілер шақырған. Мас жүргізуші көп ұзамай өз үйінде ұсталды. Анықталғанындай, ол осыдан бір жыл бұрын да куәліксіз, әрі мас күйде көлікке отырғаны үшін жауапқа тартылған екен. Қазір жол- көлік апаты бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.

Кәусар Аяпбергенқызы