Билік

Үшжылдық бюджетке өзгерістер енгізілді

 Биыл облыстық бюджеттің қосымша кірісі 902 миллион 35 мың теңгені құрады. Облыстық мәслихаттың 35-сессиясында депутаттар 2011 жылғы өңірлік қазынаға енгізілген өзгерістерді қайта қарап, талқыға салды. Бұл қаражат аймақтағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталмақ.

Наталья Зверева, СҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары:
– Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына 70 млн теңге қарастырылған, мәдениет басқармасына 6 млн 773 мың, ішкі саясатқа 42 млн. бөлінбек. Өңіріміздің құрылыс басқармасына тиесілі 70 млн. теңгенің 30 млн-на спорт және туризм нысандарын дамытып балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін салу көзделуде.

Ал денсаулық сақтау басқармасына тиесілі қаражатты 57 млн. 522 мың теңге ұлғайту көзделіпті. Уалиханов аудандық орталық ауруханасының бас дәрігеірі Төлеген Имановтың есебінше күрделі жөндеуді қажет ететін хирургия мен терапия бөлімдеріне бөлінген 16 млн. теңге жеткіліксіз көрінеді.

Төлеген Иманов, Уәлиханов аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:
– Бұл сома тіпті бір бөлімшені қалпына келтіруге де аз болады. Ауру сұрап келмейді ғой, кейін бір жағдайлар болып қалса, науқастарды қайда қабылдаймын.  

Сондай-ақ сессияда 70 млн теңгенің еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына бөлінетіні белгілі болды. Сондай-ақ тұрғын үй шаруашылығын дамытуға да біршама қаражат құю жоспарланды. Жамбыл ауданындағы мүгедек балаларға қажетті құрылғы алуға бөлінген 1 млн 500 мың теңгені Петропавлға беру туралы   ұсыныс түсті. 54 млн аудандардың мұқтажына қарай бөлу қарастырылған.

-Мәселен, Айыртау ауданына 16 млн  948, қызылжарлықтарға 12 млн  913, Тайыншаға – 19 млн  772 мың, Уалиханов ауданына 4,5 млн теңге бағытталмақ.  

Облыстық мәслихат депутаты Владимир Коваленко   бұл ретте тағы бір ұсыныс білдірді.

Владимир Коваленко, облыстық мәслихат депутаты:
-Өткен жылы Раисовка орта мектебін жөндеуге қаражат бөлуді сұраған едік. Ұзақ жылдар бойы күрделі жөндеуді көрмеген. Биылғы оқу жылына шатыры жарамайды. Әбден ескіріп, тозған. Десе де 2011 жылғы жоспарда ол жоқ. Тым болмағанда шатырды жөндеуге 18 млн теңге бөлінсе игі болар еді.  

Халық қалаулылары бұл сұрауды да құптап биылғы буджетке бекітті. Сессияда облыс әкімі Серік Біләлов жаңа лауазымға тағайындалған білім басқармасының бастығы Орал Қапасов пен қаржы басқармасының бастығы Ескен Әкімжановты таныстырды. Жиын соңында аймақ басшысы” Жылу желілерін жаңарту” бағдарламасы жайлы хабардар етті.  

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Жақында істен шыққан жылу мен кәріз желілерін  жаңартуға энергоорталық 2 млрд. 400 мың теңге, сондай-ақ үкімет қазынасынан тағы 1,5 млрд. теңге бөлді. Бұл тың жұмыс алдағы үш айда аяқталуы тиіс. Қауырт маусымда алаңдамауға болады. Бұны жасамасақ, қыстап шығуымыз екі талай болар еді. Әзірге бәрі ойдағыдай жүзеге асуда.  

 Жеңіс Ермұқанов